Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 400 млн доллардан асты

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 400 млн доллардан асты

2026 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 414 млн доллардан асты.

Осылайша Қазақстан Өзбекстанның негізгі сауда серіктестерінің алғашқы үштігінде қалды. Өзбекстан Ұлттық статистика комитеті мәліметінше, қаңтар айында елдің жалпы сыртқы сауда айналымы 5,8 млрд долларға жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 29,2%-ға артқан. Бір ай ішінде Өзбекстан әлемнің 145 елімен сауда жасаған.

Елдің басты сауда серіктесі ретінде Қытай көш бастап тұр. Екі ел арасындағы тауар айналымы 1,6 млрд доллардан асып, жалпы көлемнің 27,9%-ын құрады.

Ал Ресей 18,7% үлеспен екінші орында. Бұл елмен арадағы экспорт-импорт көлемі 1 млрд доллардан асты.

Үшінші орында Қазақстан тұр. Астана мен Ташкент арасындағы сауда көлемі 414 млн долларға жетіп, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 100 млн долларға артқан.

Есепті кезеңде Өзбекстан Қазақстанға 81,6 млн доллардың тауарын экспорттап, керісінше 332 млн доллардан астам сомаға өнім импорттаған.

Ұқсас материалдар