«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 23-26 шілде аралығында қысқа мерзімді еңбек демалысында», - деп жазылған сейсенбіде тараған хабарламада.
Айта кетейік, 2021 жылы Президент Бұқтырма су қоймасында демалып жүргені туралы фотолар тарап, қызу талқыға түскен еді. Соңғы рет Ақорда Президенттің қысқа демалысын 2022 жылы тамыз айында алғаны туралы хабарлаған. Алайда Президенттің қайда демалғаны туралы ақпарат шыққан жоқ.