Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстан Өзбекстанға бензин экспорттап жатқан жоқ – Энергетика министрлігі

Қазақстан Өзбекстанға бензин экспорттап жатқан жоқ – Энергетика министрлігі

Қазақстан бензинін Өзбекстан сатып алып жатыр деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

Бұл туралы Энергетика министрлігі ресми мәлімдеме жасады.

Ведомствоның хабарлауынша, қазіргі таңда Қазақстаннан Өзбекстанға немесе өзге де мемлекеттерге бензин экспорты жүзеге асырылмайды. Ел ішінде мұнай өнімдерін сыртқа шығаруға уақытша тыйым салынған, ал Үкімет заңсыз тасымал мен контрабанданың алдын алу бойынша нақты жоспар жүргізіп отыр.

«Жекелеген бұқаралық ақпарат құралдары таратқан мәлімет биылғы көктемде қабылданған бір реттік және уақытша шешімге қатысты. Сәуір–мамыр айларында жанармай қоры жеткілікті болғандықтан, АИ-92 маркалы бензиннің артығын экспорттауға рұқсат берілген. Бұл – халықаралық тәжірибеде қолданылатын стандартты қадам», – делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Маусым айынан бастап жоспарлы жөндеу жұмыстарына дайындық шеңберінде стратегиялық қор жинау мақсатында бензин экспорты толық тоқтатылған.

Энергетика министрлігі экспортқа тыйым салу мен мемлекеттік реттеуді уақытша алып тастау ішкі нарықты тұрақтандыруға, сонымен қатар жанармай қорын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік бергенін атап өтті.

🔹 Жаздың басында бензин қоры 70%-ға,
🔹 дизель отыны 78%-ға артқан.

Бүгінде еліміздегі мұнай өнімдері нарығындағы жағдай тұрақты. Ішкі нарық тұтынушыларды толық көлемде қамтып отыр.

Ұқсас материалдар