Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстанда 20,8 млн тонна астық жиналды

Қазақстанда 20,8 млн тонна астық жиналды

Қазақстан өңірлерінде егін жинау науқаны белсенді түрде жалғасуда. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, бүгінгі күнге дейін дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың 13,3 миллион гектары жиналды. 

Бұл – барлық егіс алқаптарының 83 пайызы. Нәтижесінде ел бойынша 20,8 миллион тонна астық бастырылды.

Биыл аталған дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 миллион гектардан асып отыр. Науқан ұйымдасқан түрде, агротехникалық талаптарға сай мерзімде өтіп жатыр.

Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер басқа да негізгі өнімдерді жинауды жалғастыруда. Атап айтқанда:

  • Майлы дақылдар – 1,4 миллион тонна;

  • Картоп – 2,5 миллион тонна, гектарына 228,2 центнер өнімділікпен;

  • Көкөніс – 3,5 миллион тонна, гектарына 307,2 центнер өнімділікпен.

Жекелеген көкөніс түрлері бойынша да жоғары өнімділік байқалды. Мысалы, қырыққабат гектарына 324,1 центнерден өнім беріп, жалпы көлемі 428,5 мың тоннаны құрады. Пияз – 1 миллион тоннадан асты (441,0 ц/га), ал сәбіз 355,2 мың тонна (287,9 ц/га) көлемінде жиналды.

Министрліктің хабарлауынша, егін жинау науқаны ауа райының қолайлы кезеңдерін тиімді пайдалану арқылы қарқынды жүріп жатыр. Көптеген өңірлерде жұмыс аяқталуға жақын.

Ұқсас материалдар