Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстанда тұрғын үй бағасы өсті

Қазақстанда тұрғын үй бағасы өсті

2026 жылғы қаңтарда Қазақстанда жаңа тұрғын үйдің орташа бағасы желтоқсанмен салыстырғанда 2,5%-ға өсіп, бір шаршы метр үшін 604,8 мың теңгеге жетті.

Жылдық өсім – 17%. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Алғашқы нарық  

Жаңа тұрғын үй бағасы 20 қаланың 12-сінде қымбаттаған. Ең жоғары өсім Алматыда (+4,2%), Ақтөбеде (+4,2%) және Оралда (+4,1%) тіркелді.

Қаңтар айындағы бағалар:

  • Алматы – 719,6 мың тг/ш.м
  • Астана – 715,4 мың тг
  • Шымкент – 532,2 мың тг
  • Өскемен – 530,8 мың тг
  • Атырау – 525,4 мың тг

Ең арзан жаңа пәтерлер Оралда (325,6 мың тг), Ақтөбеде (341,3 мың тг) және Көкшетауда (341,3 мың тг).

Жылдық динамикада ең үлкен өсім Алматыда (+23,6%), Павлодарда (+18,5%), Ақтөбеде (+18,4%) және Астанада (+18,1%) байқалды.

Қайталама нарық  

Қайта сатылатын тұрғын үй бағасы бір айда 0,6%-ға өсіп, орташа есеппен 624,6 мың теңгеге жетті. Баға 20 қаланың 17-сінде көтерілген.

Айлық өсім бойынша көшбасшылар:

  • Ақтау – +1,7%
  • Қызылорда – +1,6%
  • Қонаев – +1,3%
  • Ақтөбе – +1,2%

Жылдық өсім – 13,6%. Ең жоғары көрсеткіш Алматыда (+24%), Павлодарда (+16,2%) және Ақтөбеде (+13,5%).

Ең қымбат «екіншілік» Алматыда (741 мың тг), Астанада (727,5 мың тг), Атырауда (498 мың тг).
Ең арзаны – Қызылордада (334,3 мың тг), Көкшетауда (348,7 мың тг) және Таразда (348,9 мың тг).

Жалдамалы тұрғын үй

Қаңтарда абаттандырылған тұрғын үйді жалдау құны айлық есепте 1,5%-ға өсіп, бір шаршы метр үшін орта есеппен 5 мың теңгені құрады.

Жылдық өсім – 12,5%. Ең жоғары өсім Павлодарда (+47,1%), Петропавлда (+40,1%) және Ақтөбеде (+23,4%) тіркелді.

Жалдау бағасы ең қымбат қалалар:

  • Алматы – 6 мың тг/ш.м
  • Астана – 5,6 мың тг
  • Қарағанды – 4,8 мың тг

Ең арзан – Таразда (2,5 мың тг), Түркістанда (2,8 мың тг) және Қостанайда (3,2 мың тг).

Ұқсас материалдар