Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктер мен микроқаржы ұйымдарында (МҚҰ) ресімдеуге болатын кепілсіз тұтынушылық несиелердің сомасын шектеуді көздеп отыр.
Тиісті қаулы жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды, 31 шілдеге дейін талқылауға ашық. Жобаға сәйкес, қарыз алушы ала алатын кепілсіз тұтынушылық несиенің шекті сомасы төмендегідей:
- банктерде – 2024 жылы 8,1 млн теңге немесе 2,2 мың АЕК аспайды;
- МҚҰ-да – 2024 жылы 4 млн теңге немесе 1,1 мың АЕК аспайды.
Кепілді тұтынушылық несиелер үшін сомаға шектеу қарастырылмаған.
Егер қаулы жобасы қабылданса, ол 2024 жылғы 20 тамыздан бастап күшіне енеді.
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында тұтынушылық несие туралы атап өткен еді.
ҚНРДА тұтынушылық несиелердің берілу сомасын заңнамалық тұрғыдан шектеуді жоспарлап отырғанын алғаш рет агенттік төрайымы Мадина Әбілқасымова 2023 жылғы қыркүйекте мәлімдеді. Ол бұл шешімді кейде жеке кәсіпкерлердің бизнес мақсаттарына кепілсіз бірнеше миллиард теңге тұтынушылық несиелер алатынымен түсіндірді.