Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстанда жаңа бір палаталы парламент «Құрылтай» деп аталуы мүмкін

Қазақстанда жаңа бір палаталы парламент «Құрылтай» деп аталуы мүмкін

Қазақстанда ауқымды саяси реформалар аясында жаңа бір палаталы парламент құру ұсынылды.

Жаңа заң шығарушы орган «Құрылтай» деп аталып, оның құрамына 145 депутат енетіні айтылды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. Президенттің айтуынша, ел саяси жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басып отыр, ал алдағы парламенттік реформа осы өзгерістердің өзегіне айналады.

– Жолдауда бір палаталы парламент құру туралы бастама көтердім. Бұл мәселе қоғамда кеңінен талқыланды. Былтыр 8 қазанда парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобын құру туралы өкімге қол қойдым. Қазір Конституциялық реформаға қатысты қызу пікірталас жүріп жатыр. Бір палаталы парламентке көшу бастамасын халық қолдап отыр деуге болады, – деді Президент.

Ұсынысқа сәйкес, жаңа парламентте Президенттік квота мен Қазақстан халқы Ассамблеясы үшін қарастырылған квотадан бас тарту көзделіп отыр. Депутаттар бес жыл мерзімге сайланатын болады.

Заң шығару үдерісі үш кезеңнен тұрады:

  • бірінші кезеңде депутаттар заң жобасын мақұлдайды;

  • екінші кезеңде енгізілген өзгерістерді қарайды;

  • соңғы кезеңде заңды түпкілікті қабылдайды.

Билік өкілдерінің пікірінше, бұл реформа заң шығару процесінің ашықтығын арттырып, парламенттің тиімділігін күшейтуге бағытталған.

Ұқсас материалдар