Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстандықтар «7-20-25» арқылы 85 мыңға жуық баспана несиесін рәсімдеді

Қазақстандықтар «7-20-25» арқылы 85 мыңға жуық баспана несиесін рәсімдеді

Қазақстанда «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы аясында жалпы сомасы 1,208 трлн теңгеге 84 853 несие берілді. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық банкі хабарлады.

Ел бойынша ең көп ипотека Астана қаласында рәсімделген – 31 270 несие (507,7 млрд теңге). Алматы екінші орында: 18 201 несие (294,2 млрд теңге). Ал Шымкент қаласында 6 709 ипотека 91,3 млрд теңгеге берілген. Қалған несиелер басқа өңірлердің үлесінде.

Бағдарлама шарттарына сәйкес, ипотека жылдық 7% мөлшерлемемен (ЖТСМ – 7,2%) ұсынылады. Бастапқы жарна тұрғын үй құнының кемінде 20%-ын құрайды, ал несие мерзімі 25 жылға дейін белгіленген. Сонымен қатар, ірі қалаларда баспана бағасының шекті мөлшері 30 млн теңгеге дейін болса, өңірлерде бұл көрсеткіш 20 млн теңгемен шектеледі.

Бағдарламаға қатысу үшін азаматтардың соңғы 18 айда өз атында тұрғын үйі болмауы және тұрақты табысы расталуы қажет. Сондай-ақ қолданыстағы ипотекалық несиесі болмауы тиіс.

Айта кетейік, бағдарламаның операторы – Қазақстанның тұрақтылық қоры, ал несиелер екінші деңгейлі банктер арқылы беріледі.

Ұқсас материалдар