Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 26,87 трлн теңгеден асты

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 26,87 трлн теңгеден асты

2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жүйесінде қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 26,87 трлн теңгеден асты.

Бұл бір жылда 18,5%-ға немесе 4,19 трлн теңгеге көбейген. Жинақтың негізгі бөлігі – 25,23 трлн теңге міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан. Міндетті кәсіптік жарналар көлемі 746,9 млрд теңгеге жетсе, ерікті жарналар 9,89 млрд теңгені құрады.

2026 жылдың алғашқы екі айында зейнетақы шоттарына 571,8 млрд теңге түсіп, таза инвестициялық кіріс 523,8 млрд теңгеден асты.

Осы кезеңде қордан төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 237,1 млрд теңгені құрады. Оның ішінде зейнет жасына байланысты төлемдер – 42,3 млрд теңге.

Сондай-ақ тұрғын үй мен емделуге арналған біржолғы төлемдерге 86,2 млрд теңге жұмсалған.

1 наурыздағы дерек бойынша зейнетақы шоттарының жалпы саны 18,39 млн-ға жетті.

Ұқсас материалдар