Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстаннан Қытайға ұн экспорты екі есеге артты

Қазақстаннан Қытайға ұн экспорты екі есеге артты

Қазақстаннан Қытайға жемдік ұн жеткізу көлемі 2 есеге артып, 1 миллион тоннаға жетті. Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, 2026 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша елімізде астық тасымалы көлемі 4,1 миллион тоннаны құраған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15 пайызға көп. Оның ішінде экспорттық тасымалдар 18 пайызға өсіп, 3,2 миллион тоннаға жетсе, ішкі тасымал көлемі 0,9 миллион тоннаны құрап, 8 пайызға артқан.

Орталық Азия елдері бағыты бойынша да өсім тіркелген. Бұл бағыттағы тасымал 48 пайызға артып, 2,1 миллион тоннаға жетті. Соның ішінде Өзбекстанға 1,5 миллион тонна астық жөнелтілген.

Ауғанстан бағыты бойынша да айтарлықтай өсім байқалады. Бұл елге жеткізу көлемі 4,2 есеге артып, 302 мың тоннаға жеткен. Ал Ресей бағытына және оның аумағы арқылы тасымал 512 мың тоннаны құрады.

Ең жоғары өсім Қытай бағытында тіркелді. Жемдік ұн экспорты 2 есеге артып, 1 миллион тоннаға жеткен.

Көлік министрлігі тасымал үдерісін тұрақты әрі үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында мүдделі мемлекеттік органдар, тасымалдаушылар және бизнес өкілдерімен бірлескен жедел штаб жұмысын жалғастырып жатқанын мәлімдеді.

Ұқсас материалдар