Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

​«Қазақтүрікмұнай» ЖШС-нің бас директоры тағайындалды

​«Қазақтүрікмұнай» ЖШС-нің бас директоры тағайындалды

Құдайберген Арымбек «Қазақтүрікмұнай» ЖШС-нің бас директоры болып тағайындалды.

Жаңа басшыны ұжымға «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары Бекзат Абайылданов таныстырды.

Құдайберген Арымбек 1987 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген. Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетінің түлегі.

Еңбек жолын 2011 жылы Маңғыстау облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында бас маман болып қызметін бастаған. 2012-2014 жылдары ҚР Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінде сарапшы және бас сарапшы болып жұмыс істеген.

2014-2024 жылдары ҚР Энергетика министрлігінде түрлі басшылық қызметтер атқарған: бас сарапшыдан басқарма басшысы, кейін көмірсутектер мен жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау департаментінің директоры қызметіне дейін көтерілген.

2024-2025 жылдары ҚР Энергетика вице-министрі болған.

«Қазақтүрікмұнай» ЖШС – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның 100% еншілес компаниясы. Кәсіпорын Ақтөбе және Маңғыстау облыстарындағы мұнай-газ кен орындарын игерумен айналысады.

Ұқсас материалдар