Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов сенаторлардың депутаттық сауалына берген жауабында айтты.
«KazSat-3» спутнигін ауыстыруға қатысты бұл кезеңде «KazSat-3» спутнигін ауыстыру үшін ғарыштық байланыс жүйесін құру және пайдалануға беру» бойынша жобалау алдындағы жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Түрлі еуропалық және азиялық ғарыш техникасын өндіруші компаниялардың техникалық-коммерциялық ұсыныстары қаралды. Қарастырылған ұсыныстарды талдау негізінде қазіргі уақытта экономикалық сараптамадан өтіп жатқан инвестициялық ұсыныс жасалды. Спутникті құрудың болжамды құны – 87,2 млрд теңге, оның ішінде республикалық бюджет есебінен 40,3 млрд теңге және «РҒБО» АҚ меншікті қаражаты есебінен 46,9 млрд теңге», – делінген жауапта.
Үкімет басшысының айтуынша, бұл сома жобаның инвестициялық тартымдылығы мен экономикалық тиімділігі үшін жеткілікті.
«Экономикалық сараптамадан өту қорытындысы бойынша бас мердігерөндірушіні таңдау заңнамаға сәйкес және ең үздік техникалық шешімдер мен экономикалық орындылықты ескере отырып, конкурс негізінде жүргізілетін болады», – деді Олжас Бектенов.