Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

«Keden» ақпараттық жүйесіне жаңа қызмет түрлері енгізілді

«Keden» ақпараттық жүйесіне жаңа қызмет түрлері енгізілді

«Keden» ақпараттық жүйесінде, кедендік реттеу саласындағы мемлекеттік қызметтерге өтініштерді беру жаңа функционалының енгізілді, деп хабарлайды ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі. 

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Keden» кедендік ақпараттық жүйесін кезең-кезеңімен енгізу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру шеңберінде ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті кеден саласындағы мынадай мемлекеттік қызметтерді көрсету, атап айтқанда тізілімдерге енгізу жөніндегі функционалды пайдалануға енгізеді:

  1. Кеден қоймаларының иелері
  2. Еркін қоймалардың иелері
  3. Өз тауарларын сақтау қоймаларының иелері
  4. Уақытша сақтау қоймаларының иелері
  5. Бажсыз сауда дүкендері
  6. Кедендік өкілдер
  7. Кедендік тасымалдаушылар

 2025 жылғы 10 ақпаннан бастап аталған мемлекеттік қызметтерді көрсетуге өтініштерді беру және өңдеу «Keden» ақпаратық жүйесінде жүзегеде асырылатын болады.

«Биылғы 7 ақпанда сағат 18:30-да «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде кедендік реттеу саласында аталған мемлекеттік қызметтер бойынша өтініштерді қабылдау тоқтатылатынын атап өтеміз», – делінген хабарламада.

 Өтінішті толтыру тәртібі, сондай-ақ жүйеде тіркеу бойынша нұсқаулықтар порталдағы басты бетте орналастырылған https://keden.kgd.gov.kz, сондай-ақ жеке телеграм чаттары жасалған:

https://t.me/kedenkgdgovkz/26371 – кеден өкілдері үшін 

https://t.me/kedenkgdgovkz/26372 – уақытша сақтау орындарының иелері үшін 

https://t.me/kedenkgdgovkz/26374 – бажсыз сауда дүкендері үшін 

https://t.me/kedenkgdgovkz/26373 – кедендік тасымалдаушылар үшін. 

Өтініштердің мәртебесі туралы хабарламалар алу мүмкіндігі үшін қолданыстағы ұялы телефон нөмірлерін және электрондық пошта мекенжайларын тіркеу кезінде көрсету қажет.

Ұқсас материалдар