«Keden» ақпараттық жүйесінде, кедендік реттеу саласындағы мемлекеттік қызметтерге өтініштерді беру жаңа функционалының енгізілді, деп хабарлайды ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Keden» кедендік ақпараттық жүйесін кезең-кезеңімен енгізу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру шеңберінде ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті кеден саласындағы мынадай мемлекеттік қызметтерді көрсету, атап айтқанда тізілімдерге енгізу жөніндегі функционалды пайдалануға енгізеді:
- Кеден қоймаларының иелері
- Еркін қоймалардың иелері
- Өз тауарларын сақтау қоймаларының иелері
- Уақытша сақтау қоймаларының иелері
- Бажсыз сауда дүкендері
- Кедендік өкілдер
- Кедендік тасымалдаушылар
2025 жылғы 10 ақпаннан бастап аталған мемлекеттік қызметтерді көрсетуге өтініштерді беру және өңдеу «Keden» ақпаратық жүйесінде жүзегеде асырылатын болады.
«Биылғы 7 ақпанда сағат 18:30-да «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде кедендік реттеу саласында аталған мемлекеттік қызметтер бойынша өтініштерді қабылдау тоқтатылатынын атап өтеміз», – делінген хабарламада.
Өтінішті толтыру тәртібі, сондай-ақ жүйеде тіркеу бойынша нұсқаулықтар порталдағы басты бетте орналастырылған https://keden.kgd.gov.kz, сондай-ақ жеке телеграм чаттары жасалған:
https://t.me/kedenkgdgovkz/26371 – кеден өкілдері үшін
https://t.me/kedenkgdgovkz/26372 – уақытша сақтау орындарының иелері үшін
https://t.me/kedenkgdgovkz/26374 – бажсыз сауда дүкендері үшін
https://t.me/kedenkgdgovkz/26373 – кедендік тасымалдаушылар үшін.
Өтініштердің мәртебесі туралы хабарламалар алу мүмкіндігі үшін қолданыстағы ұялы телефон нөмірлерін және электрондық пошта мекенжайларын тіркеу кезінде көрсету қажет.