Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Үкімет басшысы кәсіпкерлермен салық реформасын талқылады

  Үкімет басшысы кәсіпкерлермен салық реформасын талқылады

Солтүстік Қазақстанға сапар барысында Олжас Бектенов кәсіпкерлерімен кездесті. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. 

Жиынға әртүрлі саланың 60-қа жуық өкілі келді. Келелі кеңесте салық реформасы талқыланып, өзекті сұрақтарға жауап берілді. Үкімет басшысының айтуынша, қазір бюджетті толықтыру маңызды. Қазынаны теңдестірудің санаулы жолы бар.

Алғашқы нұсқа – Ұлттық қор қаржысын пайдалану. Алайда бұл тәсіл, жинақтың тез түге-сілуіне алып келеді. Одан бөлек, әлеуметтік шығыстарды қысқартуға болады. Дегенмен әлеуметтік мемлекет ретінде Қазақстан өз міндеттемелерін орындауы керек. Демек, ең оңтайлы жолы салық мөлшерлемелерін түзетіп, қайта қарау.

Премьер-министр алдағы өзгеріс елдің экономикалық тұрақтылығын нығайтады деді. Бұл қаражат бизнесті қолдауға және инфрақұрылымды дамытуға бағытталады. Кездесуде Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин сараланған қосымша құн салығын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Кәсіпкерлер міндетті төлемнен, қай саланы босатуға қатысты ұсыныстарын жеткізді. Олжас Бектенов оны жан-жақты зерделеуді тапсырды.

Ұқсас материалдар