Өз кезегінде қор төрағасы Нұрлан Жақыпов 2026–2030 жылдар аралығында $27 млрд-тан астам тікелей шетелдік инвестиция тарту міндеті және цифрландыру нәтижелері, соның ішінде 5 жылда жиынтық әсері $1,3 млрд-ты құрайтын ЖИ жобаларын енгізу мәселелері туралы атап өтті.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында «Самұрық-Қазына» туралы атап өткен еді.
«Самұрық-Қазына» қоры және ұлттық компаниялардың басшыларымен қатаң әңгіме болды. Компаниялардың құрылымын түбегейлі қайта қарап, жаңа заманға бейімдеу керек. Қосшыдан басшы көп. Басшылық құрамы ел айтып жүргендей «Сол жағалаудың» адамдарына толып қалған. Олардың жұмысқа көміліп жатқан ештеңесі жоқ. Кейде не істерін білмей, әлеуметтік желілерде әркіммен пікір таластырып отырады. Бұл түбі жақсылыққа апармайды», деді Президент.





