
Ауыл шаруашылығы, Су ресурстары, сондай-ақ Цифрлық даму министрліктері ауыл шаруашылығы дақылдарын мониторингтеуге, тәуекелдерді ерте анықтауға бағытталған цифрлық құралдарды енгізуді оның ішінде отандық технологиялық шешімдер мен стартаптарды ынталандырып, жұмысты жандандыру қажет», – деп атап өтті Премьер-министр.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәлімдеуінше, шегірткелерді бақылауда ұшқышсыз ұшу аппараттарын (ҰҰА) пайдалану зиянкестердің таралу ошақтарын, оның ішінде жету қиын жерлерді тез әрі дәл анықтауға мүмкіндік береді. Дрондар зиянкестердің көшуін картаға түсіру және болжау үшін пайдалануға болатын деректерді жылдам жинау арқылы шығындар мен тәуекелдерді азайтады. Бұл аталған құрылғыларды шегіртке ошақтарын ерте анықтап, ескерту және әрекет ету жүйесіндегі маңызды құралға айналдырады.