Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында газ өндіру қуатын арттыру қажеттігін мәлімдеді.
Оның айтуынша, елдің энергия ресурстарына деген сұранысын толық қамтамасыз ету үшін мұнай мен газ өндірісін ұлғайту маңызды.
Үкімет басшысы Энергетика министрлігіне ірі жер қойнауын пайдаланушылармен өндіріс көлемін арттыру бойынша келіссөздер жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар QazaqGaz және ҚазМұнайГаз компанияларымен бірлесіп, Қашағандағы газ өңдеу зауытының құрылысын биыл аяқтау міндеті қойылды.
Сондай-ақ келесі жылдың басында Жаңаөзендегі газ өңдеу зауытын іске қосу жоспарланып отыр.
Премьер-министр газ тасымалдау инфрақұрылымына да назар аударды. Оның сөзінше, Бейнеу – Бозой – Шымкент газ құбыры екінші желісін іске асыру стратегиялық маңызға ие. Бұл жоба елдегі газ көлемін арттыруға мүмкіндік береді.
Олжас Бектенов аталған жұмыстарды үйлестіру мен бақылауды күшейтуді тапсырды.





