Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

​​ҚМГ мен Shell Қашаған мен Қарашығанақ бойынша келіссөз өткізді

  ​​ҚМГ мен Shell Қашаған мен Қарашығанақ бойынша келіссөз өткізді

Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Shell концернінің upstream бағыты жөніндегі президенті Питер Костелломен кездесті.

Тараптар Солтүстік Каспий мен Қарашығанақ жобалары аясындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйін талқылады. Атап айтқанда, ҚМГ басшысы бүгінде серіктестер үшін ең басты міндет – Қашаған кен орнын одан әрі игеру жоспарларына басымдық беру екенін атап өтті. Осы ортақ жұмыстың 2А кезеңін және одан кейінгі кезеңдерді іске асыру – жобаның ұзақ мерзімді тиімділігі мен тұрақты дамуын қамтамасыз етудің негізгі талабы.

Қарашығанақ жобасы бойынша жылына 4 млрд текше метр газды кері айдауға арналған алтыншы компрессордың сәтті пайдалануға берілгені атап өтілді. Сонымен қатар өндірістің сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету шараларын күшейту қажет екені айтылды.

Сондай-ақ «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» компаниясында кадрларды жергілікті мамандармен толықтыру және басшылық лауазымдардағы қазақстандық мамандардың үлесін арттыру мәселелері қаралды.

Кездесуде геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық та сөз болды. Shell мамандары ҚМГ ұсынған геологиялық барлау жобаларының пулын зерттеп, қазіргі уақытта бірнеше перспективті учаске бойынша өз бағалауын жүргізіп жатыр.

Ұқсас материалдар