Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Кodiaq – ең қауіпсіз кроссовер ме?

 Кodiaq – ең қауіпсіз кроссовер ме?

Škoda маркасының Қазақстандағы ресми дистрибьюторы – «Allur» компаниялар тобына кіретін «Прага Авто» жаңа буын Škoda Kodiaq кроссоверінің сатылымы басталғанын хабарлады.  

Компания өкілдерінің айтуынша, Škoda Kodiaq NG – бұл кең, стильді әрі заманауи технологиялармен жабдықталған жаңа буын кроссовері. Бұл – кеңдік, еуропалық жайлылық пен сенімділікті бағалайтындар үшін арналған автокөлік.

2.0 TSI қозғалтқышымен жабдықталған кроссовер 7 сатылы DSG роботтандырылған беріліс қорабымен жұмыс істейді. Оның басты артықшылығы – жанармайды аз жұмсап, берілістерді өте жұмсақ ауыстыру мүмкіндігі. 0-ден 100 км/сағ жылдамдыққа дейін жылдамдық алу уақыты – 7,9 секунд.

190 ат күші бар төрт цилиндрлі турбобензинді қозғалтқыш 1400-ден 4100 айн/мин аралығында 320 Нм айналу моментін береді. Қалалық және ұзақ жол жағдайында 20 см жол саңылауы мен толық жетек арқасында Kodiaq кез келген тосын жағдайларға дайын. Ал жолда жанармай шығыны бар болғаны – 7,3 л/100 км.

 Kodiaq кең салон және үлкен жүксалғышпен ғана емес, сонымен қатар, жарықты жақсы түсіретін қуатты шамдармен жабдықталған, бұл жүргізуші үшін де, жолаушылар үшін де қауіпсіздікті арттырады.

Euro NCAP ұйымы бұл модельге ең жоғарғы «5 жұлдыз» бағасын берді. Көлік 9 қауіпсіздік жастығымен, үш нүктелі автоматты қауіпсіздік белдіктерімен және бас тірегіштерімен жабдықталған. Кузов құрылымындағы жоғары беріктікті болат қолдану – жолда да, жолсыз жерде де қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Қазақстанда Škoda Kodiaq екі түрлі жабдықталымда ұсынылған: Selection және Sportline. Техникалық жағынан бірдей болғанымен, интерьер мен қосымша опцияларда айырмашылық бар. Ең басты ерекшелігі – Sportline 5 орынды, ал Selection нұсқасы 7 жолаушыны тасымалдай алады.

 Škoda Kodiaq-тың Қазақстандағы бастапқы бағасы – 22 990 000 теңгеден басталады.

Автокөлікке 2 жыл шектеусіз жүріс кепілдігі, сондай-ақ үшінші жылға дейін 100 000 км шектеуімен кепілдік беріледі.

 

Ұқсас материалдар