Intel, Qualcomm автокөліктерге арналған ЖИ чиптерін шығаратынын хабарлады.
Америкалық Intel Corp.автокөліктерге арналған жасанды интеллект технологиясы қолданылған чиптерді шығаратынын хабарлады, деп жазады Barron's.
Тұтас бір компьютердің қызметін атқара алатын чиптерді алғашқы болып, қытайлық Zeekr сатып алмақ. Мұның арқасында көлікпен жақын маңдағы қуаттау станциясы, кофехана қайда екенін сұрап, әңгімелесуге болады. Сонымен қатар, видеоконференцияға шығып, фонды өзгертугетапсырма бере аласыз. Жаңа технолгия сонымен қатар салонда қауіпсіздік белдігін тақпай отырсаңыз, ескерту жасайды. Жаңа технологияның қашан шығатыны белгісіз.
Intel-ден бөлек тағы бір америкалық чип шығарушы Qualcomm Inc. Bosch-пен бірлесіп инфотейнмент функциясын қолданатын автокөлік компьютерін шығармақшы. Көлікпен сөйлесуге мүмкіндік беретін бұл ЖИ құралының да нарыққа шығатын уақыты айтылмаған.