
Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Амрин cалық кодексіне енгізілген өзгерістерді таныстырды.
Азамат Амриннің айтуынша, 6 жұмыс тобы Қазақстанның өңірлерін аралап, мыңдаған кәсіпкерлермен сөйлескен. Кейін ҚҚС мәселесі бойынша ұжымдық келісімге келген. Вице-министр 16% – елдегі жалпыға бірдей белгіленген мөлшерлеме екенін айтты.
«Біз қосылған құн салығының сараланған мөлшерлемесін ұсынып отырмыз. Жалпы белгіленген мөлшерлеме 16% базалық мөлшерлеме. Екінші нұсқа – агроөнеркәсіп кешенін ҚҚС-тан толық босату. Бұл ретте өз еркімен есепке тұру құқығын сақтаймыз», – деді ол.
Азамат Амриннің айтуынша, туризм, IT, шығармашылық индустрия және азық-түлік өндірісі сынды салаларда 10% мөлшерлемені бекіту жоспарланып отыр.
«Фармацевтика индустриясы, медициналық қызметтер және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін ҚҚС-тың төмендетілген мөлшерлемесі 10% деңгейінде белгіленеді», – деп мәлімдеді ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Амрин.
Министрлік заңнамалық бастамалар пакетін әзірледі. Оларды іске асыру модельдің қаржылық тұрақтылығының көкжиегін алдағы 10 жылға кеңейтуге мүмкіндік береді екен.
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
ҚР Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады
- 24 маусым, 2025
«Жақын арада бизнесті субсидиялау тоқтайды» – Серік Жұманғарин
- 19 маусым, 2025