Кредитті ресімдеу алдында қандай қарапайым қадамдар жасау маңызды?
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл тұрғыда мынандай кеңеспен бөлісті. Яғни, қаржылық мүмкіндіктеріңізді шынайы бағалау, кредит беру шарттарын егжей-тегжейлі зерделеу және құжаттарды мұқият оқып шығу. Төменде мұны қалай жасау керектігі туралы толық нұсқаулық берілген.
- Қажеттілікті анықтаңыз
Кредитті ресімдеу алдында өзіңізге сұрақ қойыңыз: мен шынымен кредитсіз жасай алмаймын ба? Кредит – бұл қаржылық көмек қана емес, сонымен қатар белгіленген мерзімде орындалуы керек қаржылық міндеттеме екенін есте сақтау маңызды.
- Кредиттік жүктемені есептеңіз
Қарыз алуды шешпес бұрын, сіздің кірістеріңіздің қанша бөлігін кредиттер алып жатқанын анықтаңыз. Бұл көрсеткіш борыш жүктемесінің коэффициенті (БЖК) деп аталады – кредиттер бойынша барлық ай сайынғы төлемдердің жиынтық айлық кіріске қатынасы.
БЖК-ны келесі формуламен есептеуге болады:
БЖК = (Қарыздар бойынша барлық ай сайынғы төлемдердің сомасы / Айлық кіріс) × 100%
Қазақстанда заңнамалық шектеулер белгіленді: кредит алу үшін қарыз алушының БЖК-сы 50%-дан аспауы керек. Бұл кірістің жартысы күнделікті шығыстарға (азық-түлік, тұрғын үй, көлік және күтпеген шығындар) қалуы керек дегенді білдіреді. Қарыз бойынша ай сайынғы төлемді банк сайттарындағы калькуляторлардың көмегімен өз бетінше тексеруге болады.
- Әр түрлі банктердегі шарттарды салыстырыңыз
Кредитті таңдамас бұрын жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін (ЖТСМ) салыстырыңыз, себебі ол комиссиялар мен сақтандыруды ескере отырып, кредиттің толық құнын көрсетеді және қарыз бойынша ай сайынғы төлемді нақтылайды. Бірнеше банктің ұсыныстарын тексеріңіз: пайыздық мөлшерлемелердегі айырмашылық айтарлықтай болуы мүмкін.
- Өзіңіздің кредиттік тарихыңызды тексеріңіз
Кредитті ресімдеуалдындағытағыбірмаңыздықадам – кредиттік тарихты тексеру.Сіздіңкредиттіктарихыңызжақсы екеніне көзжеткізіңіз. Кез келген төлем мерзімін кешіктіру,тіптіескі болса да, банктің кредит берутуралышешімінеәсер етуі мүмкін.
Кредиттік тарих туралы есепті eGov.kz мемлекеттік қызметтер порталынан немесе Бірінші кредиттік бюроның сайтынан алуға болады. Егер есепте қателер немесе өтелген ескі қарыздарды тапсаңыз – түзетуге сұрау салу жіберіңіз. Жақсы кредиттік тарихтан тек мақұлдау ғана емес, сол сияқты кредиттің шарттары да байланысты болуы мүмкін.





