
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2025 жылғы 31 тамыздан бастап кредитті мерзімінен бұрын өтеу тәртібіне қатысты жаңа ережелер күшіне енетінін хабарлады.
Жаңа талаптарға сәйкес, жеке тұлғалар қарыздарын кез келген уақытта айыпақысыз мерзімінен бұрын өтей алады. Бұл норма барлық шарттарға, оның ішінде бұрын жасалған келісімдерге де қолданылады. Ал айыппұл санкциялары тек заңды тұлғаларға қатысты сақталады.
Қазіргі қолданыстағы тәртіп бойынша банктер алғашқы айларда қарызды мерзімінен бұрын жапқан жағдайда айыппұл салуға құқылы еді. Енді бұл шектеу алынып тасталады.
Агенттік мерзімінен бұрын өтеу қарыз жүктемесін азайтып, кредиттік тарихты жақсартуға ықпал ететінін атап өтті. Дегенмен, азаматтарға мұндай шешім қабылдар алдында өз қаржылық резервін және бос қаражатты пайдаланудың өзге баламаларын ескеруге кеңес беріледі.