Крипто айырбастаушы ісіне қатысты үкім: цифрлық активтер мен автокөлік тәркіленді

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті тиісті рұқсат құжаттарынсыз цифрлық активтердің заңсыз айналымына қатысты істің тергеуін аяқтады.
2020 жылы қыркүйекте, кәмелеттік жасқа толмаған күдікті «Telegram» мессенджері мен «OLX» платформасында айырбастау операцияларын жүргізетіні туралы хабарландырулар орналастырған.
«Binance» криптобиржаның пайдаланушылары тек ересектер бола алатындықтан, ол аккаунт жасау үшін ағасына верификациядан өтуін сұраған.
2021 жылы ол айналым сомаларын бөлшектеу және бұғаттау тәуекелін төмендету мақсатында өзінің туыстарының атына қосымша тағы үш аккаунт тіркеген.
Нәтижесінде 2021-2024 жылдар аралығында жалпы сомасы 5,6 миллиард теңге цифрлық активтерді заңсыз айналымын жасаған.
Көрсеткен қызметі үшін алынған сыйақы мөлшері 0,5%-дан 2,5%-ға дейін құраған. Күдікті өзінің заңсыз табысына Mitsubishi автокөлігін сатып алған, соттың шешімімен осы автокөлікке тыйым салынды.
Сот үкімімен ол ҚР ҚК 214-бабының 2-бөлігі 2-тармағымен (заңсыз кәсіпкерлік, аса ірі мөлшерде табыс алумен ұштасқан) кінәлі деп танылып, 2,5 жылға еркіндігін шектеу жазасына кесілген.
Сондай-ақ, мемлекет кірісіне 5 172 USDТ цифрлық активтері мен Mitsubishi автокөлігі тәркіленді.
Атап өту керек, заңсыз криптообмендер өз клиенттерін сәйкестендірмейді және күдікті операцияларды анықтамайды. Сондықтан, олардың қызметтерін көбіне кибералаяқтар мен есірткі заттарын өткізушілер пайдаланады.
Қазақстан Республикасының «Цифрлық активтер туралы» Заңына сәйкес елдегі цифрлық активтердің айналымына қатысты кез келген қызмет лицензияны қажет етеді.
Егер Сіз экономикалық құқық бұзушылықтар фактілері жайлы білсеңіз, «АФМ Insider» телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз.
Анонимділікке кепілдік беріледі.