Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Кәсіпкерлер жұмысы әлдеқайда жеңілдемек

Кәсіпкерлер жұмысы әлдеқайда жеңілдемек
Қаржы министрлігі бизнес өкілдерінің жұмысын жеңілдету үшін арнайы портал дайындап жатыр. Бұл туралы Digital Finance Day жиынында «Электрондық қаржы орталығы» АҚ Басқарма төрағасы мәлімдеді.

Дияс Крам-шеевтің айтуынша, жобаны келесі жылдың басында іске қосу жоспарланған. Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті деп аталатын жүйе, сала мамандары, кәсіпкерлер мен халықаралық сарапшылардың қатысуымен жасақталған.

«Электрондық қаржы орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Дияс Крамшеев: «6-7 ақпараттық жүйеде отырғандықтан барлық мәліметтерді уақытылы көріп үлгермеуі мүмкін.
Мәліметтерді тапсырып та үлгермеуі мүмкін. Сондықтан біз кәсіпкердің жеке бірыңғай кабинетін жасау мақсатында талдау жасап, шешімге келдік. Біз ол жерде жаңағы айтып кеткен ақпараттық жүйелердің кабинеттерінде көрсетілген мәліметтердің барлығын бір жерде кәсіпкерлерге, азаматтарға бір жерден ғана мәліметтер беріп отырамыз», – деді.

Ұқсас материалдар