Дияс Крам-шеевтің айтуынша, жобаны келесі жылдың басында іске қосу жоспарланған. Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті деп аталатын жүйе, сала мамандары, кәсіпкерлер мен халықаралық сарапшылардың қатысуымен жасақталған.
«Электрондық қаржы орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Дияс Крамшеев: «6-7 ақпараттық жүйеде отырғандықтан барлық мәліметтерді уақытылы көріп үлгермеуі мүмкін.
Мәліметтерді тапсырып та үлгермеуі мүмкін. Сондықтан біз кәсіпкердің жеке бірыңғай кабинетін жасау мақсатында талдау жасап, шешімге келдік. Біз ол жерде жаңағы айтып кеткен ақпараттық жүйелердің кабинеттерінде көрсетілген мәліметтердің барлығын бір жерде кәсіпкерлерге, азаматтарға бір жерден ғана мәліметтер беріп отырамыз», – деді.