Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

KTZ Air Cargo: елде жаңа авиакомпания құрылды

KTZ Air Cargo: елде жаңа авиакомпания құрылды

Қазақстанда жаңа жүк авиакомпаниясы құрылып жатыр. Үкімет елді Еуразиядағы ірі транзиттік авиахабқа айналдыруды көздейді.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің айтуынша, алғашқы жүк ұшағы Қазақстанға биыл қазан айында жеткізіледі. Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асуда.

Жаңа KTZ Air Cargo авиакомпаниясы тұрақты жүк тасымалымен айналысады. Оның негізгі бағыты – Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азиядан Еуропаға және кері бағыттағы транзиттік жүк тасымалы.

Көлік министрлігінің мәліметінше, биыл Қазақстан әуежайлары арқылы өтетін жүк көлемі 180–190 мың тоннаға жетуі мүмкін. Сонымен қатар салаға цифрлық жүйелер енгізіліп, жүкті рәсімдеу уақыты 1 тәуліктен 1 сағатқа дейін қысқарған.

Жобаға ірі инвесторлар да тартылып жатыр. Олардың қатарында кәсіпкер Тимур Турловтың компаниясы бар. Алдағы жылдары жаңа авиакомпанияның әуе паркі 10 жүк ұшағына дейін кеңейтілуі мүмкін.

Ұқсас материалдар