Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қытай АҚШ тауарларына баж салығын 125 пайызға дейін көтерді

Қытай АҚШ тауарларына баж салығын 125 пайызға дейін көтерді

Американың енгізген салығына жауап ретінде Қытай 12 сәуірден бастап АҚШ тауарларына салынатын баж салығын 84%-дан 125%-ға дейін көтереді.

Бұл туралы ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Тарифтік комитеті хабарлады.

– Вашингтонның Қытай өнімдеріне өте жоғары тарифтері «халықаралық сауда-экономикалық ережелерді, негізгі экономикалық заңдар мен парасаттылықты бұзу, қорқыту мен мәжбүрлеудің біржақты әрекеті», – делінген хабарда. 

Айта кетейік, Ақ үй бұған дейін Американың Қытайдан жеткізілім бажы 125 пайыз емес, 145 пайыз болады деп мәлімдеген еді.

Ұқсас материалдар