Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Әлемдік нарықта мұнай бағасы қайта қымбаттады

Әлемдік нарықта мұнай бағасы қайта қымбаттады

Әлемдік мұнай нарығында баға өсімі жалғасып жатыр. Бұған АҚШ пен Израильдің Иранға қатысты қақтығысты реттеу әрекеттерінің нәтиже бермеуі әсер еткен.

Brent Crude маркалы мұнай фьючерстері 2,03 долларға немесе 1,86%-ға қымбаттап, барреліне 111,29 долларға жетті.

Сауда барысында баға 112 долларға дейін көтеріліп, 5 мамырдан бергі ең жоғары көрсеткіш тіркелді.

Ал West Texas Intermediate (WTI) маркалы мұнай 2,31 долларға немесе 2,19%-ға өсіп, барреліне 107,73 доллар болды.

Күндізгі сауда кезінде WTI бағасы 108,70 долларға дейін көтеріліп, 30 сәуірден бергі рекордтық деңгейге жеткен.

Сарапшылардың пікірінше, нарықтағы алаңдаушылыққа:
Иранға қатысты геосаяси шиеленіс;
Біріккен Араб Әмірліктеріндегі атом электр станциясына жасалған шабуыл;
– АҚШ-тың ықтимал әскери әрекеттері туралы ақпараттар әсер етіп отыр.

Өткен аптада екі негізгі мұнай келісімшарты да 7%-дан астам қымбаттаған.

Сондай-ақ нарыққа Ормуз бұғазы маңындағы қауіпсіздік жағдайы ықпал етуде. Сарапшылар бейбіт келісімге қатысты үміттің әлсіреуі мұнай бағасының өсуіне түрткі болғанын айтады.

Бұған қоса, Дональд Трамп пен Си Цзиньпин арасындағы келіссөздерден кейін де қақтығысты реттеу бойынша нақты нәтиже байқалмаған.

Ұқсас материалдар