Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Үкіметтің кеңейтілген отырысында депозиттер көлемі 16,3%-ға өсіп, 48 трлн теңгеге жеткенін хабарлады.
Долларлану деңгейі 21% болып, тарихи минимумда қалыптасты.
Оның айтуынша, мерзімді депозиттер 14 есе, жинақ депозиттері 1,5 есе артқан. Бұл банктердің экономиканы кредиттеу мүмкіндігін кеңейтеді.
Биыл Ұлттық банк депозит нарығындағы мөлшерлемелерді реттеу саясатын жетілдіріп, банктер арасындағы бәсекені күшейтуді және қаржылық қызмет сапасын арттыруды көздеп отыр.





