Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ұлттық банк инфляцияға қарсы шараларды жариялады

Ұлттық банк инфляцияға қарсы шараларды жариялады

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов елдегі инфляцияны тұрақтандыру үшін қабылданып жатқан шараларды таныстырды.

Оның айтуынша, шілде айының қорытындысы бойынша инфляция деңгейі 11,8% болды. Бұған сыртқы тұрақсыздық, баға мен салық реформалары, сондай-ақ ақша массасының ұлғаюы әсер еткен.

Негізгі шаралар:

  • Ақша-кредит саясаты – теңгедегі активтердің тартымдылығын сақтау және тұтыну көлемін азайту мақсатында қатаң саясат жүргізілуде.

  • Фискалдық тәртіп – жаңа Бюджет және Салық кодекстері қабылданды. Мақсат – мемлекеттік қаржының тұрақтылығын арттыру және бюджеттің Ұлттық қор трансферттеріне тәуелділігін азайту.

  • Қаржы нарығын бақылау – тұтынушылық кредиттеуді реттеу жұмысы күшейтілді. Бұл бағытта капиталдың контрциклдік буфері енгізілді.

  • Тарифтер мен бағалар – Үкіметпен бірлесіп тарифтік және баға реформаларын икемді бейімдеу мәселесінде келісімге қол жеткізілді.

  • Қосымша шаралар – алтын сатып алу кезіндегі валюталық операциялар арқылы биылғы жеті айда нарықтан 1,7 трлн теңге алынды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш шамамен 3 трлн теңгеге жетпек. Сонымен қатар ең төменгі резервтік талаптар көтеріліп, айналымнан қосымша 3 трлн теңге шығарылады деп күтілуде.

Ұлттық банк басшысы аталған қадамдар ақша-кредит саясатының тиімділігін арттырып, инфляцияны төмендетуге ықпал ететінін атап өтті.

Ұқсас материалдар