Жаңалықтар
Ұлттық банк күмістен жасалған AIÝ коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады
![Ұлттық банк күмістен жасалған AIÝ коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады](/uploads/posts/1734498995_pb09TbC31dhlqwDHRv5cI-sUjLSoA5Xn/image/post7.png)
Қазақстан Ұлттық банкі «Көшпенділердің ғибадат жануарлары – тотемдері» сериясының күмістен жасалынған AIÝ коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады.
Күмістен жасалған 1 000 теңгелік, сондай-ақ мельхиор қоспасынан жасалған 500 және 200 теңгелік AIÝ коллекциялық монеталарын 2024 жылғы 19 желтоқсаннан бастап қолжетімді болады. Ал номиналы 5 000 теңге болатын AIÝ коллекциялық монеталары 2024 жылғы 23 желтоқсаннан бастап сатуға шығарылады.
![](https://kaz.orda.kz/uploads/posts/2024-12/brilliant-uncirculated-1.jpg)
![](https://kaz.orda.kz/uploads/posts/2024-12/aiy-rroof-like.jpg)
Коллекциялық монеталар өздерінің белгіленген құнына сай төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдауға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алуға, аударуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады.