Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ұлттық қор активтері тұрақсыз: бір жылда бірнеше рет төмендеп, қайта қалпына келді

Ұлттық қор активтері тұрақсыз: бір жылда бірнеше рет төмендеп, қайта қалпына келді

Ұлттық қор активтері 2025 жыл ішінде бірнеше рет айтарлықтай өзгеріске ұшыраған.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жариялаған монетарлық шолуда айтылды.

Ресми дерекке сәйкес, 2024 жылдың желтоқсанында қор көлемі 30,9 трлн теңге болған. Алайда 2025 жылдың алғашқы айларында төмендеу байқалып, наурызда 29,2 трлн теңгеге дейін қысқарған. Осылайша үш ай ішінде шамамен 1,7 трлн теңге азайған.

Көктемнен бастап жағдай түзеліп, қор активтері біртіндеп өсе бастады: қыркүйекте 34,4 трлн теңгеге жетіп, ең жоғары деңгейге шыққан. Наурыздағы ең төмен көрсеткішпен салыстырғанда өсім 5,2 трлн теңгені құрады.

Алайда күз айларында қайтадан төмендеу тіркеліп, желтоқсанға қарай қор көлемі 32,3 трлн теңгеге дейін қысқарған. Бұл кезеңде шамамен 2,1 трлн теңге жоғалған.

2026 жылдың басында активтер қайтадан аздап өсіп, ақпанда 32,6 трлн теңгеге жетті. Бір ай ішінде қор шамамен 112 млрд теңгеге толыққан.

Осылайша, бір жылдың ішінде Ұлттық қор активтері бірнеше рет төмендеп, қайта қалпына келіп отырған. Сарапшылар мұндай динамиканы мұнай бағасы, бюджеттен бөлінетін трансферттер және валюта нарығындағы өзгерістермен байланыстырады.

Ұқсас материалдар