Қаңтар айында Үкіметтің Ұлттық қордан қанша доллар сатуды көздеп отырғаны белгілі болды.
Ұлттық банк берген мәліметке сүйенсек, желтоқсан айында Ұлттық қордан республикалық бюджеттің трансферттері үшін 900 миллион доллар сатылған.
Жалпы, Ұлттық қордың сауда-саттықтағы үлесі күніне есептегенде шамамен – 43 миллион доллар. Яғни, 17 пайыз.
Ұлттық банк өкілдері Ұлттық қор қаражатымен операциялар жүргізгенде нарықтағы бейтараптық қағидатты сақталатынын жеткізді.
– Үкіметтің республикалық бюджетке трансферттер бөлу туралы алдын ала болжамды өтінімі бойынша Ұлттық банк 2025 жылғы қаңтарда Ұлттық қордан 750-ден 850 миллион долларға дейінгі мөлшерде валюта сатуы мүмкін, – деп жазған ақпараттық хабарламада Ұлттық банк.