Нұр-Сұлтан. 6 маусым. 7kun.kz – Тамақ өнімдері бағасының өсуі жылдық инфляцияға барынша көп үлес қосуда, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкі.
Тауар жеткізуде логистикалық мәселелер шешілмеді және импорттық тауарлар бағасының өсу үрдісі жалғасты. Сондықтан айлық инфляция мамырда 1,4%-ға дейін (сәуірде – 2%) баяуласа да, орташа тарихи нормадан асып, жоғары болып отыр. Айлық инфляцияның бәсеңдеу қарқынының төмен болуы оң фискалдық серпін кезіндегі тұрақты ішкі сұранысқа, әрі жоғары инфляциялық күтулерге де байланысты.
2022 жылғы мамырда бір жыл бұрынға квантификацияланған инфляциялық күтулер 11,7% болды. Биылғы сәуір-мамырда осы жылдың наурызындағы күрт өсуден кейін бір жыл бұрынға инфляциялық күтулер біршама төмендеді. Бір жыл кезеңінде бағаның өсуін күтетін респонденттер мұны азық-түлік өнімдерінің қымбаттауымен байланыстырды. Инфляцияны қабылдау да жоғары деңгейде сақталуда.