2024 жылдан бастап мемлекеттік органдар қызметкерлерінің жалақысы артады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік қызметкерлерге, мемлекеттік бюджетке қарайтын ұйымдардың қызметкерлеріне және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесіне өзгерістер енгізу туралы үкімет қаулысын дайындады.
Маңызды құжат бойынша сала мамандарының біліктілік санаттарына қолданылатын коэффициенттерді арттыру қарастырылған. Президент пәрмені бойынша 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 70 мыңнан 85 мың теңгеге дейін арттыру көзделіп отыр. Жалпы, министрліктің болжамы бойынша меншіктің әртүрлі нысанындағы кәсіпорындарда барлық салада жұмыс істейтін 1,8 миллионға жуық жалдамалы қызметкердің табысы өседі. Балабақша тәрбиешілерінің жалақысын 30 пайызға көтеру үшін бюджеттен 96 млрд теңге қарастырылған. 242 млрд теңге ғылымды қаржыландыруға бағытталмақ. Бұл 616 жетекші отандық ғалымдардың жалақысын арттырады.