Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

«Үміт-Самғау» қаржы пирамидасы 100 млн теңгеден астам қаражат жинаған

 «Үміт-Самғау» қаржы пирамидасы 100 млн теңгеден астам қаражат жинаған

Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) Қарағанды облысы бойынша департаменті «Үміт-Самғау» атты қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Тергеу мәліметінше, ұйымдастырушылар өз қызметін қайырымдылық жобасы түрінде көрсетіп, жалғызбасты аналарға, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетеміз деп сендірген.

Азаматтарға салған қаржысына 300%-дан 800%-ға дейін табыс табуға уәде берілген. «Салым неғұрлым көп болса, табыс та соғұрлым жоғары болады» деген шартпен әртүрлі инвестициялық пакеттер ұсынылған.

Алайда төлемдер нақты кәсіпкерлік қызметтен емес, жаңа қатысушылардың қаражаты есебінен жүргізілген. Пирамидалық схеманы жүзеге асыру үшін ұйымдастырушылар өз туыстары мен таныстарын «дроппер» ретінде пайдаланып, олардың атына банктік карталар мен шоттар ашқан.

Нәтижесінде қаржы пирамидасына 400-ден астам адам тартылып, жалпы сомасы 100 миллион теңгеден асатын қаражат жиналған.

Қазіргі таңда сот санкциясымен күдіктінің пәтері мен автокөлігіне тыйым салынған. Тергеу амалдары жалғасуда.

Ұқсас материалдар