Қазақстанда мұнай тасымалдау қызметінің құны өседі. Бұл туралы «ҚазТрансОйл» компаниясы мәлімдеді.
Компанияның шешіміне сәйкес, магистральдық мұнай құбырлары арқылы экспортқа мұнай айдау тарифі қайта қаралған. Жаңа баға 2026 жылғы 1 маусымнан бастап күшіне енеді.
Жаңартылған тариф бойынша, 1000 шақырымға 1 тонна мұнай тасымалдау құны қосылған құн салығын есептемегенде 12 500 теңгені құрайды. Бұл бұрынғы деңгейден 10,6 пайызға немесе шамамен 1200 теңгеге жоғары.
Тиісті бұйрыққа компанияның бас директоры – басқарма төрағасы 29 сәуірде қол қойған. Тарифтің өсуі экспорттық бағыттағы мұнай тасымалына әсер етпек.





