Парламент Мәжілісінің қарауына «Қазақстан Республикасының Салық кодексіне өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы енгізілді.
Құжат депутаттардың бастамасымен әзірленген.
Жоба биыл референдум арқылы қабылданған Конституция талаптарын іске асыруға бағытталған. Онда негізінен техникалық түзетулер қарастырылған және салық жүктемесін немесе салық салу тетіктерін өзгерту көзделмейді.
Мәжіліс депутаты Татьяна Савельеваның айтуынша, түзетулер Салық кодексін жаңартылған Конституциямен үйлестіруге және мемлекеттік институттардың жаңа моделін нақтылауға мүмкіндік береді. Қаржы және бюджет комитеті заң жобасы бойынша қорытындыны белгіленген мерзімде дайындауға дайын.
Бұған дейін Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Салық кодексіне өзгерістер енгізу мүмкіндігі қарастырылып жатқанын мәлімдеген болатын.
Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 17 наурызда Конституцияға өзгерістер енгізу туралы заңға және оны іске асыру жөніндегі Жарлыққа қол қойған еді.
Ұқсас материалдар
АДБ 2026 жылы Қазақстандағы инвестиция 8%-ға өседі деп күтеді
- 24 қыркүйек, 2026
Көп оқылғандар
АДБ 2026 жылы Қазақстандағы инвестиция 8%-ға өседі деп күтеді
- 24 қыркүйек, 2026





