Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Олжас Бектенов министрлерге жаңа міндеттер жүктеді

Олжас Бектенов министрлерге жаңа міндеттер жүктеді

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында тауар өндіру, сату және бақылау жүйесін жетілдіруге бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Бірінші тапсырматауарларды топтастыруды аяқтау.

Сауда және интеграция министрлігі мен Қаржы министрлігі, өзге де мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 2024 жылдың 1 қазанына дейін тауар, жұмыс және қызмет жүйесіндегі тауарларды топқа бөлуді аяқтауы тиіс. Сонымен қатар, ведомстволық ақпараттық жүйелерді тауарлардың ұлттық каталогімен сапалы интеграциялау үшін тиісті нормативтік-құқықтық актілерге талдау жүргізіп, оларды жаңарту қажет.

Екінші тапсырмацифрлық азық-түлік ваучерін енгізу.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің сауда үстемесіне бақылауды күшейту үшін Сауда және интеграция министрлігі 1 қазанға дейін Көкшетау мен Павлодарда цифрлық азық-түлік ваучерінің пилоттық жобасын іске қосады.

Бұл жұмыстардың орындалуын үйлестіру мен бақылау вице-премьер Серік Жұманғаринге жүктелді.

Бұған дейін Үкімет басшысы тауарды таңбалау жүйесінің маңыздылығын кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстары жеткіліксіз екенін айтып, тауарларды өндіру мен өткізуді толық қадағалайтын ұлттық каталогты жедел енгізуді тапсырған болатын.

Ұқсас материалдар