Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Отбасы банк қосымшасы мен enpf-otbasy порталы уақытша қолжетімсіз

 Отбасы банк қосымшасы мен enpf-otbasy порталы уақытша қолжетімсіз

Отбасы банк өз жүйелерінде техникалық жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Банктің мәліметінше, жоспарланған жұмыстар күтілгеннен ұзаққа созылған.

Осыған байланысты банк бөлімшелерінде, «Баспана маркет» платформасында және мобильді қосымшада операциялар уақытша қолжетімсіз. Сонымен қатар байланыс орталығы да әзірге жұмыс істемейді.

Банк өкілдері барлық сервисті мүмкіндігінше тезірек қалыпты режимге көшіру үшін жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.

Сондай-ақ БЖЗҚ-дағы жеткіліктілік шегінен асқан қаражатты тұрғын үй немесе емделуге пайдалану операциялары рәсімделетін enpf-otbasy порталы да уақытша істемей тұр.

Ұқсас материалдар