МАБА-ның хабарлауынша жекешелендірудің соңғы кезеңінде активке үш қатысушы қызығушылық танытты. Алайда Paynet ең жоғары баға ұсынған.
«Сатып алушы компанияға тиесілі Humo төлем жүйесінің тұрақты және үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге, сондай-ақ құпиялылықты сақтауға бағытталған қосымша шараларды жүзеге асыруға міндеттеме алды», - делінген ведомство хабарламасында.
Сатып алушы Paynet – Өзбекстандағы ең ірі төлем операторларының бірі, қаржылық технологиялар (fintech) саласында 18 жылдан бері жұмыс істейді. Оның негізін 2005 жылы Ботир Арифжанов қалаған. Кейін кәсіпкер өзбекстандық Халық банкі атынан компанияны мемлекетке сатып, оның басшылығынан кеткен. Жүйе 1500-ден астам тауарлар мен қызметтерді жеткізушілер үшін төлем мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді, ал пайдаланушылардың айлық саны 20 миллионнан асады. 2022 жылдың тамызында МАБА Uzpaynet-тегі 100% үлесін сатуға қойды. Кейін мемлекеттен «New Industrial Technologies» ЖШС сатып алды. Аталған компания 2019 жылдың сәуір айында тіркелген және жарғылық капиталы 273,56 миллиард сумды құрайды. Бүгінгі күні жалғыз иесі Мұстафа Абдурахманов, ол сонымен бірге Asia Alliance Bank-тің негізгі акционері болып табылатын Asia Alliance Group-тың 77,6% акциясына ие.
2024 жылы сатуға шығарылған Humo төлем жүйесін жекшелендіруге қазақстандық жетекші инновациялық Kaspi.kz компаниясы қызығушылық танытқан болатын. Алайда кейін компания жекешелендіруге қатысудан бас тартты.
Айта кетейік, Humo-ның 2024 жылдың алғашқы тоғыз айында таза табысы жылдық өсім 42,4% құрап, 119,3 млрд сумды құрады. Жыл ішінде табыс 153,5 миллиардтан 222,7 миллиард сумға өсті.
Фото: daryo.uz