Беларусь, Кавказ және Орталық Азия бойынша PepsiCo жеткізу тізбегінің аға директоры Константин Федорчуктің айтуынша Lay’s картоп чипсыларын зауытты іске қосу 2026 жылдың наурыз айына жоспарлануда.
Зауыттың аумағы 26,47 га, оның ішінде құрылыс алаңы – шамамен 28 мың м², көгалдандыру алаңы – 165 мың м². Негізгі құрылыс жұмыстары 2024 жылдың қыркүйегінде басталмақ. Құрылыс кезеңінде мыңға дейін адам тартылады, ал жобаның өзі шамамен 350 жұмыс орнын құруды жоспарлап отыр.
«350 адам – бұл штаттық қызметкерлер саны. Мүмкін, бұл сан артуы мүмкін, себебі біз зауыттың жоғары операциялық қызметін қолдауға көмектесетін әртүрлі компаниялармен жұмыс істейтін боламыз», – дейді Константин Федорчук.
Оның айтуынша, зауыт іске кіріскенде шамамен 20 мың тонна дайын өнім – картоп чиптерін өндіру үшін 70 мың тонна шикі картоп қажет болады. Оны Қазақстанда жерсіндірілген картоп сорттарынан алады.
Айта кетейік, зауыт үкіметтің ерекше бақылауындағы басым инвестициялық жобалар тізіміне енгізілген. Негізгі сату нарығы ретінде Қазақстанмен қатар Өзбекстан, Қырғызстан көзделіп отыр.