Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Президент АЭС құрылысын тездетуді тапсырды

Президент АЭС құрылысын тездетуді тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады. 

Мемлекет басшысына министрлік жұмысының негізгі қорытындылары мен еліміздегі отын-энергетика кешенін дамыту жоспары, сондай-ақ мұнай-газ және энергетика салаларындағы ірі жобалардың жүзеге асырылуы жөнінде ақпарат берілді.

Жылыту маусымының барысы және жылу-электрмен қамту бойынша ірі нысандардың жұмысы туралы баяндалды. Мемлекет басшысы жылыту маусымын ерекше бақылауда ұстауды және энергетика инфрақұрылымын жаңғыртуға қатысты жобаларды іске асыруды тапсырды.

Президент Қазақстандағы атом электр станциясының құрылысын жеделдетудің маңызын атап өтті.

Қуаты 2,4 ГВт болатын атом станциясының құрылысына шамамен 12-15 млрд доллар қаржы қажет деп жоспарланғаны белгілі. 

Ұқсас материалдар