Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Президент цифрландыруды реттейтін жаңа Жарлыққа қол қойды

Президент цифрландыруды реттейтін жаңа Жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасындағы цифрландырудың кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа қол қойды.

Құжатқа сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор жаңа ақпараттық жүйелерді QazTech электрондық үкімет платформасынан тыс әзірлеуге мораторий енгізіледі.

Егер жаңа жүйені QazTech базасында жасау мүмкін болмаса, бұл мәселе Президент жанындағы цифрландыруды енгізу жөніндегі комиссияның қарауына ұсынылады.

Жарлық мемлекеттік функциялардың қайталануын болдырмауды, шығындарды азайтуды және елді платформалық цифрландыру моделіне көшіруді көздейді. Үкімет пен барлық мемлекеттік органдарға құжаттан туындайтын шараларды толық орындау жүктелді. Бақылау Президент Әкімшілігіне тапсырылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Президент мемлекеттік органдарды цифрландыру және жасанды интеллектіні енгізу бойынша екі ай ішінде нақты шаралар әзірлеуді тапсырған болатын.

Ұқсас материалдар