
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Минск қаласына ұшып келді, деп хабарлайды Ақорда.
Ақорданың ақпаратынша, мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына және Еуразиялық экономикалық форумға қатысады.
Еуразиялық экономикалық форум мен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы 26-27 маусым күндері өтеді.