Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Президент «Қазатомөнеркәсіп» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

 Президент «Қазатомөнеркәсіп» АҚ басқарма төрағасын қабылдады
 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповты қабылдады.

«Қазатомөнеркәсіп» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов Президентке компанияның 2024 жылғы жұмыс қорытындыларын баяндады. Өндірілген уран көлемі – 23 мың тонна, сатылғаны – 16,6 мың тонна. Компания 1,8 трлн теңге табыс тауып (+26%), салық төлемдері 58%-ға өсіп, 720 млрд теңгеге жетті. 

Кездесуде жаңа келісімшарттар, әлемдік нарықтағы жағдай және 2034 жылға дейінгі даму стратегиясы талқыланды. 2024 жылы 170 мың тонна уранға барлау жүргізуге лицензия алынған. Мемлекет басшысы саланы дамыту және әлеуметтік жобаларды іске асыру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

 Президентке әлемдік нарықтағы ахуал, жаңа келісімшарттар мен инвестициялық жобалар жөнінде баяндалды. Өткен жылдың басты жетістіктерінің бірі – «Үлбі-ЖБҚ» зауытының толық қуатында іске қосылуы. Кәсіпорын жылына 200 тонна төмен байытылған уран өндіріп жатыр.

 «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамын дамытудың 2025-2034 жылдарға арналған жаңа стратегиясы таныстырылды. Оның аясында компания елдің минералды-шикізат базасын ұлғайтуға және оны тиімді пайдалануға ден қоймақ. Былтыр ресурс қоры 170 мың тоннаға бағаланған перспективті аумақтарда уранды барлау жұмыстарын жүргізу үшін жаңа лицензиялар берілген.

Бұдан бөлек, Тәжікстанмен сирек металдарды өңдеу саласында, Франциямен атом өндірісіне маман даярлау және білім беру бағытында меморандумдарға қол қойылғанын, сондай-ақ Моңғолия және Иорданиямен аталған мемлекеттердің аумақтарында уранды барлау жобаларын бірлесіп зерделеу мен оның әлеуетін бағалау жөніндегі уағдаластықтарға қол жеткізілген.

Президент «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының жұмысын одан әрі жетілдіру бойынша бірқатар нақты міндет жүктеді. Атап айтқанда, сирек кездесетін металдарды игеруге және қайта өңдеуге мән бере отырып, компанияның негізгі қызметін әртараптандыруды тапсырды.

Ұқсас материалдар