Тимур Сүлейменов биылғы жартыжылдықта жүзеге асырған ақша-кредит саясатының қорытындысы туралы есеп берді, деп хабарлады Aqorda.kz.
ҰБ төрағасы қабылдауда Қазақстандағы және әлемдегі экономикалық жағдайдың даму барысы және инфляцияның қарқыны мен оны тұрақтандыру шаралары жөнінде баяндады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтері мен алтын-валюта резервтерінің жай-күйіне тоқталды. Ұлттық төлем жүйесі мен ашық банкинг принциптерін дамыту және қазақстандықтардың қаржысын алаяқтардан қорғау үшін антифрод-орталық құру жобаларын жүзеге асыруға қатысты Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалу барысы туралы айтты.
Тимур Сүлейменовтың айтуынша жылдық инфляция бәсеңдеген және ішкі экономикада проинфляциялық факторлар сақталып отыр.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Банктің қызметіне, соның ішінде инфляцияны одан әрі тұрақтандыру және цифрлық қаржылық инфрақұрылым жасау жөнінде бірқатар тапсырма берді.