Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Президент Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады

Президент Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Банк төрағасын қабылдады.
Тимур Сүлейменов биылғы жартыжылдықта жүзеге асырған ақша-кредит саясатының қорытындысы туралы есеп берді, деп хабарлады Aqorda.kz.
✔️
ҰБ төрағасы қабылдауда Қазақстандағы және әлемдегі экономикалық жағдайдың даму барысы және инфляцияның қарқыны мен оны тұрақтандыру шаралары жөнінде баяндады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтері мен алтын-валюта резервтерінің жай-күйіне тоқталды. Ұлттық төлем жүйесі мен ашық банкинг принциптерін дамыту және қазақстандықтардың қаржысын алаяқтардан қорғау үшін антифрод-орталық құру жобаларын жүзеге асыруға қатысты Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалу барысы туралы айтты.

✔️Тимур Сүлейменовтың айтуынша жылдық инфляция бәсеңдеген және ішкі экономикада проинфляциялық факторлар сақталып отыр. 
✔️
✔️Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Банктің қызметіне, соның ішінде инфляцияны одан әрі тұрақтандыру және цифрлық қаржылық инфрақұрылым жасау жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Ұқсас материалдар